Мерекелік іс-шаралар » «№46 жалпы орта білім беретін мектебі»
Абай облысы Білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№46 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 35-37-90
Есепші бөлімі:
+7(7222) 35-37-24
Нашар көрушілер
нұсқасы

№ 46 жалпы орта білім беретін мектебінің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт средней общеобразовательной школы № 46! Welcome to the official website of School No. 46!

Алтын күз
14
қазан
2025
Алтын күз
 «Алтын күз» мерекесіне орай, “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасының жоспарына сәйкес бүгін мектебімізде «Күзгі асар» қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді. 🎉 Іс-шараға оқушылар мен ата-аналар белсене атсалысып, күздің молшылық сыйын насихаттайтын үй тағамдарын дайындап ұсынды. 🍂 Мақсаты – оқушылардың ұйымшылдық, еңбекқорлық, мейірімділік қасиеттерін дамыту және әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеу. 💸 Жиналған қаражат мұқтаж жандарға көмек ретінде бағытталады.
Мектептің жүрегі – мұғалім
04
қазан
2025
Мектептің жүрегі – мұғалім
 "Мектептің жүрегі – мұғалім" атты мерекелік іс-шара мектебіміздің ұстаздарына арналды! 👩‍🏫👨‍🏫💖 ✨ Бұл күн – ұлағатты ұстаздарымыздың еңбегіне деген алғыс пен құрметтің жарқын көрінісі болды. 🌟 Оқушылар мен әріптестердің құттықтауы, концерттік бағдарламалар мен жылы лебіздер бүгінгі күннің көркін аша түсті. 📚 Ұстаз – мектептің жүрегі, білімнің шамшырағы! 💐 Барша мұғалімдерге мықты денсаулық, шығармашылық шабыт тілейміз!
Ұстазыңды құттықта!
29
қыркүйек
2025
Ұстазыңды құттықта!
Семей қаласы "№ 46 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-сі ұстаздар мерекесіне орай «Ұстазыңды құттықта! » челленджін бастады .Мектеп мұғалімдері мен оқушылары өз ұстаздарына деген тілектерін жолдады. Челленджді мектеп оқушыларына жолдаймыз. Мереке құтты болсын, ұстаздар!
Абай мен Тоғжанның кездесуі
12
қыркүйек
2025
Абай мен Тоғжанның кездесуі
Бүгін мектебімізде «Абай мен Тоғжанның кездесуі» атты көрініс сахналанды. Бұл қойылымға 3-5-8-9 сынып оқушылары атсалысып, өнерлерін көрсетті. 🎯 Көріністің мақсаты – ұлы ойшыл Абайдың шығармалары арқылы оқушылардың рухани дүниесін байыту. Абай Құнанбаевтың даналық сөздері арқылы оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа, білімге құштарлыққа тәрбиелеу және ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Бұл іс-шара Тілдер айлығы аясында ұйымдастырылып, өткізілуіне қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері ұйытқы
Тіл – халықтың жаны
11
қыркүйек
2025
Тіл – халықтың жаны
Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ұйымдастырылған “Тіл – халықтың жаны” атты айлық шара аясында мектепішілік “Абай дана, Абай дара – қазақта” оқулары өтті. Бұл рухани сайыста жас талапкерлер ұлы ақынның өлеңдерін нақышына келтіре орындап, Абай мұрасын дәріптеді. Әр оқушының өнерінен қазақ тіліне деген сүйіспеншілік пен ұлттық рухтың биіктігі көрінді. Жыр додасында оза шауып, Бас жүлдені 6 “А” сынып оқушысы Орысбай Әлибек жеңіп алды. Жетекшісі: Серікқали