04
қараша
2023
Мектебіміздің ашылуының 1 жыл толуына орай “Тағылымы мол Алтын ұям” атты мерекелік іс-шара өтті.
Бүгін мектебіміздің ашылуының 1 жыл толуына орай “Тағылымы мол Алтын ұям” атты мерекелік іс-шара өтті. Қазіргі таңда керегесі кеңейіп, тағылымы мол алтын ұяға айналған білім ордасы ұстаз, шәкірт, ата-ананың бірлескен жұмыстарының нәтижесінде биіктерден көрінуде. Сонымен қатар мектептің 1 жылдық аясында “Абайтану” және “Ғажайып психология әлемі” кабинеттері ашылды. Еліміздің болашағы жастарға қолдау көрсету мақсатында мектебіміз Абай облысы қоғамдық даму басқармасының “Абай жастар” жастар ресурстық орталығымен екі жақты келісім шарт негізінде меморандумға отырды. Мектеп басшысы алғашқы бір жылдық жұмысының нәтижесін қорытындысы баяндалды. Мерекелік іс-шара өз мәресіне жетіп, келген қонақтар мектепке саяхат жасап, мереке соңында өз ризашылықтарын білдірді.


