11
қыркүйек
2025
Тіл – халықтың жаны
Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ұйымдастырылған
“Тіл – халықтың жаны” атты айлық шара аясында
мектепішілік “Абай дана, Абай дара – қазақта” оқулары өтті.
Бұл рухани сайыста жас талапкерлер ұлы ақынның өлеңдерін нақышына келтіре орындап, Абай мұрасын дәріптеді. Әр оқушының өнерінен қазақ тіліне деген сүйіспеншілік пен ұлттық рухтың биіктігі көрінді.
Жыр додасында оза шауып, Бас жүлдені 6 “А” сынып оқушысы Орысбай Әлибек жеңіп алды. Жетекшісі: Серікқали А.Р.
Жеңімпазымызды шын жүректен құттықтап, толағай табыс тілейміз!


