Алтын күз
«Алтын күз» мерекесіне орай, “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасының жоспарына сәйкес бүгін мектебімізде «Күзгі асар» қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді. 🎉 Іс-шараға оқушылар мен ата-аналар белсене атсалысып, күздің молшылық сыйын насихаттайтын үй тағамдарын дайындап ұсынды. 🍂 Мақсаты – оқушылардың ұйымшылдық, еңбекқорлық, мейірімділік қасиеттерін дамыту және әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеу. 💸 Жиналған қаражат мұқтаж жандарға көмек ретінде бағытталады.