Мектептің жаңа жылдық безендірілуі
Жыл мезгілдерінің ішіндегі қызығы мен суығын бірге ала келетін қыс мезгілінің орны ерекше! Айналаның бәрі ақ көрпе жамылған мезгілдің қызығы мен қиындығы көп. Осындай аязы қатты тылсым күштің қиындығына қарамастан биыл Степной кентінде ашылған жаңа білім ордамызда ақ ұлпа қардан жасалған әртүрлі бейнелер мен мүсіндер бой көтерді. Ауламыздың оң қапталында «Ғажайып қыс айшықтары» тақырыбында мынандай кейіпкерлер: 2022 жылдың нышаны барыс, келер жыл иесі-қоян, сиқырлы бұғыларға шанасын