07
желтоқсан
2022
Мектептің жаңа жылдық безендірілуі
Жыл мезгілдерінің ішіндегі қызығы мен суығын бірге ала келетін қыс мезгілінің орны ерекше! Айналаның бәрі ақ көрпе жамылған мезгілдің қызығы мен қиындығы көп. Осындай аязы қатты тылсым күштің қиындығына қарамастан биыл Степной кентінде ашылған жаңа білім ордамызда ақ ұлпа қардан жасалған әртүрлі бейнелер мен мүсіндер бой көтерді. Ауламыздың оң қапталында «Ғажайып қыс айшықтары» тақырыбында мынандай кейіпкерлер: 2022 жылдың нышаны барыс, келер жыл иесі-қоян, сиқырлы бұғыларға шанасын жеккен Аяз ата мен ақшақар, балалық шағымыздың естелігіндей аққала сияқты мүсіндеріміз жаңа жыл мерекесінің жақын қалғанын паш етуде. Ал ауламыздың сол жақ қапталында Жаңа Қазақстанның сұлу келбеті көрініс тапқан. «Келешегі кемел - Қазақстан» тақырыбында қызылды-жасылды оюға көмкерілген, қай жағынан қарасақ та әсемдігінеи көз тоймайтын «Еңсесі биік - Ақорда», «Тәуелсіздік монументі» тәрізді бейнелері патриоттық тәрбиені ояту мақсатында бой көтерді. Бейнелердің қасынан кезіндегі ата-бабаларымыздың төрт түлікке жайлы қоныс іздеп, кең даламызда көшпелі халық болғанын айқындау мақсатында «Төрт түлігім - ырысым» атты пірлердің бейнелері жасалынды. Пір – қасиетті сөз. Бұл жасалған пірлер Жаңа Қазақстанға жол көрсетіп, қолтығынан демейтін ұлтжанды Қазақстанның болашағы кемел екендігін айқындайды.
Осылайша, «Қыстың қызықты мерекесі» аясында мектеп ұжымы, ата-аналары мен оқушылары ауламызды көркейтуге ат салысып, қысқы аула көрмесін тартымды, сәнді ұйымдастыруда. Мектебіміздің әдемі қысқы мерекесін тамашалауда балалар мен Степной тұрғындарына шаттық пен нұр шуағын шашып, көңіл-күй сыйлайды деген ойдамыз!#степнойсемей #46школасемей #semey_bilim_bolimi