17
қазан
2025
мектепішілік пәндік олимпиада
2025 жылдың 17 қазан күні мектебімізде оқушылардың білім деңгейін бағалап, қабілеттілерді іріктеу бағытында мектепішілік пәндік олимпиада өтті.
🔍 Бұл зияткерлік сайыс оқушылардың ғылыми-шығармашылық әлеуетін арттырып, пәнге қызығушылығын оятуға және үздіктерді анықтауға бағытталды.
🧠 Қатысушылар өз білімін, логикалық ойлау қабілетін және пәнге деген ынтасын көрсете білді.
🏅 Олимпиада нәтижесінде жоғары ұпай жинаған оқушылар қалалық кезеңге жолдама алды.
✅ Мектепішілік олимпиада — ізденімпаз, білімге құштар жастарды қолдаудың және білім сапасын көтерудің маңызды қадамы екенін тағы бір мәрте көрсетті.


