Ақпарат » Страница 3 » «№46 жалпы орта білім беретін мектебі»
Абай облысы Білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№46 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 35-37-90
Есепші бөлімі:
+7(7222) 35-37-24
Нашар көрушілер
нұсқасы

№ 46 жалпы орта білім беретін мектебінің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт средней общеобразовательной школы № 46! Welcome to the official website of School No. 46!

Мектептің жүрегі – мұғалім
04
қазан
2025
Мектептің жүрегі – мұғалім
 "Мектептің жүрегі – мұғалім" атты мерекелік іс-шара мектебіміздің ұстаздарына арналды! 👩‍🏫👨‍🏫💖 ✨ Бұл күн – ұлағатты ұстаздарымыздың еңбегіне деген алғыс пен құрметтің жарқын көрінісі болды. 🌟 Оқушылар мен әріптестердің құттықтауы, концерттік бағдарламалар мен жылы лебіздер бүгінгі күннің көркін аша түсті. 📚 Ұстаз – мектептің жүрегі, білімнің шамшырағы! 💐 Барша мұғалімдерге мықты денсаулық, шығармашылық шабыт тілейміз!
"Алтын сақа" олимпиадасы
03
қазан
2025
"Алтын сақа" олимпиадасы
2025 жылдың 3 қазанында мектепішілік 3,4 сыныптарға арналған "Алтын сақа" олимпиадасы өткізілді. 3-сыныптардан 5 оқушы, 4-сыныптардан 5 оқушы қатысты. Іріктеу бойынша 3,4 сыныптар арасынан 5 оқушыдан құралған команда қалалық кезеңге өтті. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз!
1 Қазан – Қарттар күні!
01
қазан
2025
1 Қазан – Қарттар күні!
1 Қазан – Қарттар күні!👵🧓 «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасының «Қамқор» жобасы аясында мектебіміздің оқушылары Степной кентіндегі ата-әжелерді арнайы құттықтап, қуаныш сыйлады. 💐 💌 Оқушылар өз лебіздерін айтып, жүрек жылуын бөлісті. 🤲 Бұл игі іс – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің жарқын үлгісі. 🧡 Қамқорлық, мейірім, ізгі ниет – ұрпақ санасына сіңуі тиіс қасиеттердің бірі. ✨ Қарттар – қазынамыз, өнегеміз! ✨
Ұстазыңды құттықта!
29
қыркүйек
2025
Ұстазыңды құттықта!
Семей қаласы "№ 46 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-сі ұстаздар мерекесіне орай «Ұстазыңды құттықта! » челленджін бастады .Мектеп мұғалімдері мен оқушылары өз ұстаздарына деген тілектерін жолдады. Челленджді мектеп оқушыларына жолдаймыз. Мереке құтты болсын, ұстаздар!
Язык — душа народа
25
қыркүйек
2025
Язык — душа народа
Среди учащихся 7–8 классов было проведено внеклассное мероприятие по английскому языку «Talk Tok Quiz» в рамках месячника «Язык — душа народа». Мероприятие направлено на расширение кругозора учащихся, развитие интереса к изучению английского языка, формирование коммуникативных навыков, а также повышение мотивации к обучению через игровые и интеллектуальные задания.
Абай Құнанбайұлының 180 жылдық
16
қыркүйек
2025
Абай Құнанбайұлының 180 жылдық
Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай тілдер айлығында бастауыш сыныптар арасында ұлы ақынның терең ойға толы өлеңдерін, әндерін жатқа айту іс-шарасы өткізілді. Мақсаты:халқымыздың рухани мұрасын дәріптеу, Абайдың шығармашылығын жас ұрпақтың бойына сіңіру, сөз өнерін, поэзияны қадірлеу.
Абай мен Тоғжанның кездесуі
12
қыркүйек
2025
Абай мен Тоғжанның кездесуі
Бүгін мектебімізде «Абай мен Тоғжанның кездесуі» атты көрініс сахналанды. Бұл қойылымға 3-5-8-9 сынып оқушылары атсалысып, өнерлерін көрсетті. 🎯 Көріністің мақсаты – ұлы ойшыл Абайдың шығармалары арқылы оқушылардың рухани дүниесін байыту. Абай Құнанбаевтың даналық сөздері арқылы оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа, білімге құштарлыққа тәрбиелеу және ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Бұл іс-шара Тілдер айлығы аясында ұйымдастырылып, өткізілуіне қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері ұйытқы
Тіл – халықтың жаны
11
қыркүйек
2025
Тіл – халықтың жаны
Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ұйымдастырылған “Тіл – халықтың жаны” атты айлық шара аясында мектепішілік “Абай дана, Абай дара – қазақта” оқулары өтті. Бұл рухани сайыста жас талапкерлер ұлы ақынның өлеңдерін нақышына келтіре орындап, Абай мұрасын дәріптеді. Әр оқушының өнерінен қазақ тіліне деген сүйіспеншілік пен ұлттық рухтың биіктігі көрінді. Жыр додасында оза шауып, Бас жүлдені 6 “А” сынып оқушысы Орысбай Әлибек жеңіп алды. Жетекшісі: Серікқали
Кітапханаға саяхат
10
қыркүйек
2025
Кітапханаға саяхат
Бүгін мектебімізде оқушылар кітапханаға саяхат жасап, керемет әсермен оралды! Балалар кітапханаға кіргеннен бастап, ерекше көңіл-күйге бөленіп, қызықты кітаптармен танысып, еркін оқуға мүмкіндік алды. Кітапхана әлемінің сырларымен таныстырып, кітап оқудың маңыздылығы туралы қызықты ақпаратармен бөлісті. Мұндай сапарлар- балалар үшін тек демалыс қана емес, сондай-ақ рухани азық алып, білім көкжиегін кеңейтетін тамаша мүмкіндік! Кітапхана меңгерушісі: Бейсенбай Д.М.
Алғашқы ата-аналар жиналысы
10
қыркүйек
2025
Алғашқы ата-аналар жиналысы
2025–2026 оқу жылының алғашқы ата-аналар жиналысы өтті. 🔑 Жиналыстың тақырыбы: «Адал азамат тәрбиелеудегі жауапты ата-ана, қолдаушы ұстаз және қауіпсіз мектеп» 👨‍👩‍👧‍👦 Ата-аналармен бірлесе отырып, жаңа оқу жылына ортақ мақсаттар мен міндеттер талқыланды. 🗂 Жиналыс барысында қаралған мәселелер: 1️⃣ Мектеп пен ата-аналар комитетінің бірлескен жұмысын ұйымдастыру басымдықтары 2️⃣ Сыныптық ата-аналар комитетінің қызметін үйлестіру ерекшеліктері 3️⃣ Комитет төрағасы мен қазынашысын сайлау 4️⃣