29
тамыз
2024
“Мектепке жол” республикалық қайырымдылық акциясы
“№ 46 ЖОББМ” КММ “Мектепке жол” республикалық қайырымдылық акциясы жүргізіліп жатыр. Акцияның басталуы 2024 жылдың 1 тамыздан бастап, аяқталуы - 2024 жылдың 30 қыркүйегінде деп жоспарлануда.Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.


