КҮЗГІ ДЕМАЛЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ: ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ҰСЫНЫСТАРЫ » «№46 жалпы орта білім беретін мектебі»
Абай облысы Білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№46 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 35-37-90
Есепші бөлімі:
+7(7222) 35-37-24
Нашар көрушілер
нұсқасы

№ 46 жалпы орта білім беретін мектебінің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт средней общеобразовательной школы № 46! Welcome to the official website of School No. 46!

27
қазан
2023

КҮЗГІ ДЕМАЛЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ: ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ҰСЫНЫСТАРЫ

КҮЗГІ ДЕМАЛЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ: ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ҰСЫНЫСТАРЫ
Қазақстандық мектептерде күзгі демалыс басталды. Оқу-ағарту министрлігі оларды «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында ұйымдастыру бойынша ұсыныстар әзірлеп, өңірлерге жолдады.
Білім беру ұйымдары кітапханаларды, мұражайларды, спорт кешендерін, ғылыми қоғамдастықтар мен балалар бірлестіктерін тарта отырып, мәдени-демалыс, спорттық, және шығармашылық, бағытындағы іс-шаралар жоспарын әзірлеуі қажет.
1. Оқушылармен кәсіптік бағдар беру жұмысын жасау: кәсіпорындарда экскурсиялар ұйымдастыру, сондай-ақ түрлі кәсіптің үздік өкілдерімен кездесулер өткізу.
2. Өмірдің қиын жағдайына тап болған, үйде оқитын оқушылар үшін мына шараларды: виртуалды экскурсиялар, онлайн жарыстар, психологтармен іс-шаралар, белгілі бір пәндер бойынша кеңестер ұйымдастыру маңызды.
3. Ата-аналармен өзара қарым-қатынас құру барысында: балалармен бірлесіп, мәдени-көпшілік және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын, экскурсиялар, интернет-марафондар, ата-аналарға арналған марафондар, ата-аналарға арналған конференциялар мен форумдар өткізу.
4. Ата-аналарга педагогикалық қолдау көрсету орталықтары: құқық қорғау, денсаулық сақтау, төтенше жағдайлар органдарының өкілдерін шақырумен балаларды тәрбиелеу және зиянды әдеттердің алдын алу бойынша
кеңестер ұйымдастыру.
5. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету - мектептің де, ата-аналардың да басты міндеттерінің бірі. Сондықтан, аталмыш іс-шараларды өткізбес бұрын күзгі демалыс кезінде оқушылар мен олардың ата-аналарына өмір кауіпсіздігі жане денсаулықты қорғау туралы нұскаулық жүргізу маңызды.
Демалыс кезеңінде ұсынылатын барлық іс-шаралардың тізімі ақпараттық стендтерде, білім беру ұйымдарының веб-сайттарында орналастырылып, олар ата-аналарға
таныстырылуы қажет.
Еске салайық, биылғы оқу жылында күзгі
демалыс 30 қазаннан басталып 5 қарашаны
қоса алғанда 7 күнтізбелік күнді құрайды.
 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив