Уалиханова Диляра Мухтарбековна » «№46 жалпы орта білім беретін мектебі»
Абай облысы Білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№46 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 35-37-90
Есепші бөлімі:
+7(7222) 35-37-24
Нашар көрушілер
нұсқасы

№ 46 жалпы орта білім беретін мектебінің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт средней общеобразовательной школы № 46! Welcome to the official website of School No. 46!

20
сәуір
2026

Уалиханова Диляра Мухтарбековна

Өмірбаян

Мен, Уалиханова Диляра Мухтарбековна, 1995 жылғы 22 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ, жынысым – әйел.

Білімімді Аймақтық әлеуметтік инновациялық университет жоғары оқу орнында алып, информатика мамандығы бойынша тәмамдадым. Қазіргі таңда «№ 46 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде информатика пәні мұғалімі қызметін атқарамын. Педагогикалық қызметтегі жалпы еңбек өтілім – 11 жыл 4 ай, ал осы ұжымдағы жұмыс өтілім – 2 жыл 4 ай. 2021 жылғы 28 желтоқсандағы №328 бұйрыққа сәйкес «педагог-модератор» біліктілік санаты берілді.

Еңбек жолымда өзімді жауапкершілігі жоғары, ізденімпаз әрі шығармашыл маман ретінде көрсете білдім. Сабақтарыма үнемі тыңғылықты дайындалып, заманауи цифрлық платформаларды тиімді қолданамын. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға ерекше көңіл бөлемін, сол себепті оқушылар арасында құрметке ие болдым.

Кәсіби шеберлігімді шыңдау мақсатында түрлі байқаулар мен фестивальдерге белсенді қатысып келемін. Облыстық «Педагогикалық идеялар» фестивалінің қалалық кезеңінде «Шеберлік палитрасы» аталымы бойынша 3 орын, «Ең үздік сайт – 2023» облыстық байқауында II дәрежелі диплом, облыстық «Педагогикалық идеялар панорамасы» аясында «Цифрлық сауаттылық» аталымы бойынша жүлделі 3 орын иелендім. Сонымен қатар, облыстық «Абай жастары» ресурстық орталығының алғыс хатымен марапатталдым.

Оқушыларым да түрлі байқауларда жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. 2021 жылы Зерде байқауының қалалық кезеңінде 2–7 сыныптар арасында «Робототехника» бағыты бойынша оқушым Кабдоллаева Шұғыла 2 орын иеленді. Сондай-ақ, 8–11 сынып оқушылары арасында республикалық ғылыми жобалар байқауының қалалық кезеңінде тіл білімі секциясы бойынша Сидоров Николай 2 орын алды. Облыстық «3D модельдеу» чемпионатында Сидоров Николай 1 орын иеленіп, қаржылай сыйлық пен тегін оқу курсын жеңіп алды. Сонымен қатар, қалалық «3D модельдеу» байқауында 2022–2023 және 2023–2024 оқу жылдарында жүлделі 2 орындарға ие болды.

Қазіргі таңда білім беру саласында өз тәжірибемді жетілдіріп, оқушыларға сапалы білім мен тәрбие беру жолында еңбек етудемін.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив