ТІЛДЕР АПТАЛЫҒЫ
Мектебімізде “Тіл-татулықтың тірегі” атты Тілдер бірлестігінің ұйымдастыруымен апталықтың ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатының алғашқы сөз кезегі мектеп директоры Куралай Кабдылвахабовнадан бастау алып, оқушыларымыз өз өнерлерін паш етті. Бірлестік мұғалімдері таңнан оқушыларды ерекше қарсы алып, зияткерлік ойындар ойнатып, оқушылардың қызығушылықтарын оятып, тамаша көңіл - күй сыйлады.