25
қазан
2025
Сөнбесін, мәңгі сенің Отан, атың
Әрбір қазақстандықтың жүрегінде мақтаныш сезімін ұялататын, еліміздің тарихындағы айтулы күн — Республика күні.
Осы мерекеге орай мектеп кітапханасында «Сөнбесін, мәңгі сенің Отан, атың» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрме барысында оқушыларға Қазақстанның егемендікке жету жолы, елдік пен бірлікке бастар тарихи оқиғалар туралы мәліметтер беріліп, қазақ ақын-жазушыларының Отанға арналған өлеңдері мен шығармалары оқылды.
Іс-шараға 5–6 сынып оқушылары белсене қатысты.
Бұл көрме жас ұрпақтың бойында елін, жерін сүю, тәуелсіздікке деген құрмет сезімін оятуға бағытталған тағылымды шара болды.


