15
қаңтар
2024
“Абайтану” кабинетінде танымдық сабақтар өткізілді.
А. Құнанбаевтың бай мұрасын насихаттау және шығармаларын тереңдетіп оқыту мақсатында мектебімізде “Абайтану” кабинеті ашылған болатын. Осыған орай, бүгін 5-9 сыныптар аралығында танымдық сабақтар өткізілді. Жалпы оқушыларға Абай атамыздың шығармалары, өмірбаяны таныстырылды. Мұнда тек Абай шығармашылығын естіп қана қомай, көріп, оны сезіну мақсатында Абай атамыздың өлеңдеріне байланысты қойылған картиналарды да тамашалады.



