13
ақпан
2024
Мектепішілік “Үздік педагог” конкурсы өткізілді.
2024 жылдың 13 ақпан күні мектепішілік “Үздік педагог” конкурсы өткізілді. Конкурсқа жалпы сегіз мұғалім қатысты. Конкурсқа қатысушы педагогтардың жұмысын бағалау үшін мектепішілік комиссия құрылып, барлық қатысушылардың жұмыстары талқыланып, конкурстың қорытындысы шығарылды. Конкурстың нәтижесінде жеңіп алған информатика пәні мұғалімі Д.М.Уалихановаға қалалық “Үздік педагог” конкурсына жолдама берілді. Басқа да конкурсқа қатысушы педагогтар марапаттар мен номинацияларға ие болды.


